22.07.2026, 17:40

Қазақстандың көркем жүзу шебері алтын медаль алды

Фото: Казинформ

Виктор Друзин – 231.8550 ұпай.

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзу жарыстары басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Чемпионаттың алғашқы күнінде спортшылар техникалық соло бағдарламасы бойынша сынға түсті. Нәтижесінде Қазақстан өкілі Виктор Друзин үздік атанып, алтын медаль иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік мынадай нәтиже көрсетті:

Виктор Друзин – 231.8550 ұпай; Алдияр Рамазанов – 229.0583 ұпай; Пантуракса Васин – 175.3992 ұпай.

Айта кетейік, Виктор Друзин былтырғы Азия чемпионатында да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген болатын.

Көркем жүзу бойынша жарыстар 25 шілдеге дейін жалғасады.

 Бұған дейін Қазақстан құрамасының жүзу спортынан Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алғаны хабарланған еді.