Оның айтуынша, әзірге Шавкаттың келесі жекпе-жегіне қатысты ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.
Шавкат Рахмоновтың тәлімгері оның UFC-ге қашан оралатынын айтты Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың бас бапкері әрі DAR Team жетекшісі Эдуард Базров файтердің октагонға оралу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тәлімгердің айтуынша, әзірге Шавкаттың келесі жекпе-жегіне қатысты ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.
«Ең жақсы жағдайда Жаңа жылдан кейін, ақпан айында ораламыз. Өйткені жекпе-жекке дайындық ұзақ оқу-жаттығу жиындарын талап етеді. Кем дегенде үш ай бойы қарқынды дайындалу керек. Ең алдымен, аяғы толық жазылуы қажет. Мүмкін, бір жарым айдан кейін осы аяқпен толыққанды күресе алатын деңгейге жетеміз. Тек содан кейін ғана дайындық кезеңдерін бастау туралы айтуға болады», – деді Эдуард Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақаттың қайта асқынуына байланысты оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өтті. Сол кездесуде қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.