Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Generali Open турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді екі сетте сенімді жеңді — 6:3, 6:4. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
Енді Александр Бублик чемпиондық атақ үшін Франция өкілі Кентен Алиспен кездеседі. Финалда жеңіске жеткен теннисші 250 ATP рейтингтік ұпайына және 93 175 еуро көлеміндегі жүлдеге ие болады.
Айта кетейік, Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.