Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады.
«Челси» клубына арналған, X әлеуметтік желісінде шамамен алты мың оқырманы бар Don AVE фанаттық парақшасы лондондық команданың шабуыл шебіндегі жағдайға талдау жасап, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың алдағы маусымдағы мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін «Челсидің» 35 жастағы ағылшын шабуылшысы, «Брайтон» ойыншысы Дэнни Уэлбекті өз қатарына қосуға жақын екені хабарланған болатын.
Парақша авторының пікірінше, Уэлбектің ықтимал трансфері Эммануэль Эмега, Лиам Делап, Николас Джексон, Марк Гиу және Дастан Сәтпаевтың болашағына әсер етуі мүмкін.
«Челсидің» шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылар төмендегідей болуы мүмкін:
Сонымен қатар, бұл шешімдердің барлығы футболшылардың жарақатына және клубқа келіп түсетін трансферлік ұсыныстарға байланысты болатыны айтылған.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады. Ал бүгін, 28 шілдеде, қазақстандық футболшы Австралиядағы маусым алдындағы турне аясында өтетін «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуде «Челси» сапында алаңға шығуы мүмкін.