$ 476.75  541.59  6.06

«Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Мас күйде көлік жүргізіп, ұсталған қазақстандық спортшы Данияр Елеусінов бостандыққа шықты. Ол өз ісіне өкінетінін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

28 шілде кешке Данияр Елеусіновті арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жұбайы Алина мен достары қарсы алды.

"Бұл оқиғаға қатысты айтарым, болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін", – деді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйде көлік жүргізіп ұсталған еді. Кейін Астана әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алып, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырды.

Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0