29.07.2026, 23:50

Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шығарды

Фото: ФК Қайрат

Алматылық клуб бірінші матчта да, екіншісінде де артық бір ойыншымен ойнаған

«Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шықты. Өз алаңында «Омонияны» қабылдаған алматылық клуб екі ойын нәтижесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бір апта бұрын Кипрде өткен алғашқы ойында «Омония» 1:0 есебімен жеңген еді. Қарымта матч та дәл осындай есеппен «Қайраттың» пайдасына шешіліп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Айта кету керек, ойынның 26-минутында кипрлік клубтың шабуылшысы Андроникос Какулис дөрекі ойнап, төреші оған «қызыл қағаз» көрсетті. Бір футболшысы артық болған «Қайрат» қарсылас қақпасына лап қойып, ақыры 37-минутта есепті ашты. Гол авторы – Эдмилсон. Мұнан кейін Уразбахтин шәкірттері қанша шабуылдаса да, таблодағы нәтижені өзгерте алған жоқ.

Экстра-таймда да командалар гол соға алмады. Ал, пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Омонияның» шешуші соққысын қайтарып, командасына жеңіс алып келді.

Үшінші айналымда алматылық клуб «Левски» (Болгария) — «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.