30.07.2026, 16:00

Елдос Сметов Азия ойындарына қатысады

Фото: Almaty.tv

Құрлықтық доданың дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады. 

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрлықтық доданың дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Қазақстан дзюдо құрамасының бапкерлер кеңесі Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың соңғы тізімін жариялады.

Ерлер құрамасы:

60 кг – Елдос Сметов

66 кг – Ғұсман Қырғызбаев

73 кг – Бақытжан Абдурахманов

81 кг – Алмат Әділет

90 кг – Айдар Арапов

100 кг – Марат Байкамуров

+100 кг – Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер құрамасы:

48 кг – Әбиба Абужақынова

52 кг – Меруерт Сәрсенова

57 кг – Дана Әбдірова

63 кг – Эсмигүл Куюлова

70 кг – Ажар Асхат

78 кг – Екатерина Токарева

+78 кг – Аида Тойшыбекова

Биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшылар мен болашағынан зор үміт күттіретін жас балуандардың үйлесіміне сенім артып отыр.

Құрама көшбасшыларының қатарында Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен аталған ойындардың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар. Екеуі де Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жүлде салуға басты үміткерлердің бірі саналады.