31.07.2026, 15:20

Дастан Сәтбаев әлемге әйгілі EA Sports FC 27 ойынына енді

Фото: видео скриншот

Лондондық «Челсидің» шабуылшысы, қазақстандық Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 футбол симуляторының базасында пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әзірге сөз SoFIFA порталында жарияланған алдын ала сипаттамалар туралы болып отыр, дегенмен ойын шыққанға дейін ойыншылардың болашақ ресми рейтингтеріне алғашқы шолу әдетте осы мәліметтерден көрінеді.

Сәтпаев қандай рейтинг алды

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 17 жастағы қазақстандық:

жалпы рейтинг (Overall) – 66; даму әлеуеті (Potential) – 82; негізгі позициясы – орталық шабуылшы (ST) болып белгіленген.