$ 474.63  544.5  5.92

Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атағына таласады

22 мен 27-қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Фото: KTF/1bol.kz
Фото: KTF/1bol.kz

Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының ресми тізімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

22 мен 27-қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Қытайда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын әлемдік рейтингтің топ-10 өкілдерімен қатар, болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар да қорғайды.

Ұлттық құрама сапында:

  • Елена Рыбакина (WTA рейтиңінде №2)
  • Анна Данилина (жұптық санатта №6)
  • Юлия Путинцева (WTA рейтиңінде №81)
  • Жібек Құламбаева (WTA жұптық санатта №115)
  • Соня Жиенбаева (WTA рейтиңінде №735)


Капитан – Юрий Щукин

Қазақстан құрамасы (BJKC рейтиңінде 7-орында) турнирдегі алғашқы матчын Испания құрамасына (BJKC рейтиңінде 4-орында) қарсы өткізеді. Ширек финалдық ойын 23 қыркүйекте сағат 14:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.

Әрбір текетірес екі жекелей кездесу және бір жұптық ойынды құрайтын үш матчтан тұрады.

Матчтардың толық кестесі

Уақыт Қытайдың стандартты уақытымен (CST) көрсетілген.

22 қыркүйек (сейсенбі)
Чехия — Ұлыбритания (17:00) — бірінші ширек финал

23 қыркүйек (сәрсенбі)
Қазақстан — Испания (17:00) — екінші ширек финал

24 қыркүйек (бейсенбі)
Украина — Бельгия (10:00) — үшінші ширек финал
Қытай — Италия (17:00-ден кейін) — төртінші ширек финал

25 қыркүйек (жұма)
Бірінші жартылай финал (17:00)
Бірінші ширек финалдың жеңімпазы — екінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы

26 қыркүйек (сенбі)
Екінші жартылай финал (17:00)
Үшінші ширек финалдың жеңімпазы — төртінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы

27 қыркүйек (жексенбі)
Финал (17:00)

Еске салайық, Қазақстан құрамасы биыл сәуір айында өз алаңында Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған еді. Турнирдің соңғы жеңімпазы — Италия құрамасы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0