$ 473.59  544.68  5.94

Дастан Сәтпаев «Челсидегі» голынан кейін әйгілі аниматордың видеосына енді (ВИДЕО)

Роликтің соңында жас футболшы Қазақстанның Мемлекеттік туымен бейнеленеді.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голынан кейін әлеуметтік желіде кеңінен танымал карикатурашының видеосында басты кейіпкерлердің біріне айналды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Футбол тақырыбындағы анимациялық роликтерімен танылған ирандық карикатурашы Хамид Сахаридің әлеуметтік желідегі парақшасына 7,7 миллионнан астам адам жазылған. Ол әлемдік футболдағы өзекті оқиғаларды әзіл мен анимация арқылы бейнелейтін видеоларымен танымал.

Жақында жарияланған жаңа видеода "Челси" ойыншылары мен команданың бас бапкері Хаби Алонсоның бейнесі көрсетіледі. Сюжет бойынша клубтың бірнеше футболшысы жарақат алып, команда қиын жағдайға тап болады. Осы сәтте бас бапкер өзінің "құпия қаруы" ретінде қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты алаңға шығарады.

Роликтің соңында жас футболшы Қазақстанның Мемлекеттік туымен бейнеленеді. Автордың мәліметінше, видеоны осы уақытқа дейін 6,5 миллионнан астам адам тамашалаған.

Видео сипаттамасында: "Хаби Алонсо мен "Челси" қазақстандық 17 жастағы шабуылшыны таныстырып, баршаны таңғалдырды" деген жазба жарияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы Дастан Сәтпаев "Челси" құрамындағы алғашқы бейресми кездесуінде дебют жасап, аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" клубына қарсы матчтың 6-минутында гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0