Ескек есу марафоны Жапония елінде өтті.
Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.
Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков 3 400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.