$ 469.93  541.64  5.71

Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің 1/8 финалындағы қарсыласы белгілі болды

Самсонова үшінші айналымда австралиялық Майя Джойнтты (75-орын) 7:5, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирдегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1/8 финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен (55-орын) кездеседі. Самсонова үшінші айналымда австралиялық Майя Джойнтты (75-орын) 7:5, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.

Елена Рыбакинаның Canadian Open-2026 турниріндегі өнеріне келсек, ол екінші айналымда австралиялық Дарья Касаткинаны (61-орын) 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтты. Ал үшінші айналымда америкалық Энн Лиді (31-орын) 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0