09.08.2026, 22:30

Максим Сажнев ел рекордын жаңартып, әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: ҚР ҰОК

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында диск лақтырудан ел рекордын жаңартып, финалға шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Максим Сажнев іріктеу кезеңінде дискіні 61,37 метр қашықтыққа лақтырды. Осы нәтижесімен ол Қазақстанның U20 санатындағы жаңа рекордын орнатты.

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысында алтыншы орын иеленіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Диск лақтырудан жүлдегерлер 9 тамызда анықталады.