$ 469.93  541.64  5.71

6 сағат ұшып жетті: «Левски» «Қайратпен» кездесуге Түркістанға келді

«Левски» клубының мәліметінше, команда Түркістанға чартерлік рейспен ұшып, жолға шамамен алты сағат жұмсаған.

фото: instagram
фото: instagram

Болгарияның әйгілі «Левски» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Қайратқа» қарсы қарымта матчқа қатысу үшін Түркістанға келді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болгариялық команданың Қазақстанға жеткенін клубтың ресми Instagram парақшасы хабарлап, футболшылардың ұшақтан түскен сәтінен бейнежазба жариялады. Жазбаға «Міне, біз де келдік!» деген қысқа жазу қалдырылған.

«Левски» клубының мәліметінше, команда Түркістанға чартерлік рейспен ұшып, жолға шамамен алты сағат жұмсаған.

Екі команда арасындағы шешуші кездесу 11 тамыз күні сағат 20:00-де Түркістан қаласында өтеді. Матчтың Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылмауына сол уақытта америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты дайындық жұмыстарының жүргізілуі себеп болды.

Алдағы ойын қарсаңында қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желіде белсенділік танытып, болгариялық командаға түрлі пікірлер жазып жатыр.

«Қош келдіңдер, жеңіліс тілейміз!», «Левски, үйлеріңе қайтыңдар. Ертең өз алаңымызда қалай ойнау керектігін көрсетеміз», «Қайрат, алға!» деген пікірлер көптеп жазылуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0