Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның қарсыласы – Өзбекстаннан шыққан муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығады.
Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.
Жекпе-жек 28 тамыз күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.