Amanvibe мәліметінше, бұл туралы клубтың тең иесі Бейбіт Әлібеков айтты.
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жаңа ойыншыларды таңдауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Amanvibe мәліметінше, бұл туралы клубтың тең иесі Бейбіт Әлібеков айтты. Оның сөзінше, командада футболшыларды сараптауға арналған арнайы аналитикалық платформалар бар. Сонымен қатар кей жағдайда ойыншы туралы қосымша мәлімет алу үшін ChatGPT қолданылады.
«Трансферлерді қарастыру кезінде қазір жасанды интеллектіні де пайдаланамыз. Жаттықтырушылар штабында футболшыларды талдауға арналған кәсіби бағдарламалар бар. Кейде ойыншы туралы ақпаратты ChatGPT-ке енгізіп, оның қандай кемшіліктері барын, біздің командаға қаншалықты сәйкес келетінін және ұжымға қаншалықты жылдам бейімделе алатынын егжей-тегжейлі сараптаймыз», – деді Әлібеков.
Клуб басшылығының айтуынша, заманауи технологиялар дәстүрлі селекциялық жұмыстың орнын алмастырмайды, керісінше оны толықтыратын құрал ретінде қолданылады. Бұл трансферлік шешімдерді жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аяқталғаннан кейін «Ордабасы» 49 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Шымкент командасы келесі кездесуін 15 тамызда өз алаңында «Алтайға» қарсы өткізеді.