Ерасыл Сәулебеков қола жүлдеге ие болды
Өзбекстанның Ташкент қаласында жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Ақжол Құрманбек 85 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 358 келі (160+198) нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.
Қазақстандық спортшы серпе көтеруде 198 келіні бағындырды. Бұл нәтиже оған алтын медальға жол ашты.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ерасыл Сәулебеков қола жүлдеге ие болды. Ол қоссайыста 351 келі (154+197) көтерді.
Ал күміс жүлде 357 келі (161+196) нәтиже көрсеткен Өзбекстан өкілі Хикматилло Хайдаровқа бұйырды.