13.08.2026, 15:40

Қазақстандық файтер UFC-ден шығарылды

Фото: UFC

Қазақстандық спортшының промоушендегі жалпы рекорды – 1 жеңіс, 3 жеңіліс.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC ұйымының ресми ростерінен шығарылды. Оның промоушендегі соңғы жекпе-жегі 27 маусымда Бакуде өтті. Сол кездесуде отандасымыз Жан Мацумотоға төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осы жеңілістен кейін Алмахан UFC-дегі қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Қазақстандық спортшының промоушендегі жалпы рекорды – 1 жеңіс, 3 жеңіліс.

Алмахан UFC-дегі дебютін 2024 жылғы 2 наурызда жасап, Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен есе жіберді. 2025 жылғы мамырда Брэд Катонадан бірінші раундта нокаутпен басым түсіп, ұйымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Кейін қазақстандық Александр Топуриядан жеңіліп, соңғы жекпе-жегінде Жан Мацумотоға жол берді.

UFC-дің қазіргі ресми ростерінде Қазақстанның бес өкілі қалды:

Шавкат Рахмонов; Асу Алмабаев; Дияр Нұрғожай; Әлиби Ыдырыс; Николай Веретенников.

Алмаханның UFC-ден шығарылғаны оның кәсіби мансабын аяқтағанын білдірмейді.