13.08.2026, 21:30

Месси әкесінің қазасынан кейін алғаш рет алаңға шықты

Фото: Sportbox

Бұл кездесу Лионель Месси үшін әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болуынан кейінгі алғашқы ойын болды. 

«Интер Майами» Лига кубогі аясындағы кезекті матчта мексикалық «Леонға» 2:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл кездесу Лионель Месси үшін әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болуынан кейінгі алғашқы ойын болды. 

Матчтың алғашқы жартысында «Интер Майами» Даниэль Пинтердің голы арқылы есеп ашып, үзіліске 1:0 есебімен шықты.

Екінші таймда «Леон» футболшысы Даниэль Арсила таразы басын теңестірді. Алайда көп ұзамай Янник Брайт алаң иелерін қайта алға шығарды.

Мексикалық команда кездесудің соңына дейін күресін тоқтатпады. Хуан Домингес есепті 2:2-ге жеткізсе, матч аяқталуға жақын қалғанда Арсила тағы бір гол соғып, «Леонға» жеңіс сыйлады.

Лионель Месси кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол екінші таймда Даниэль Пинтердің орнына алаңға шықты. Аргентиналық шабуылшы бұған дейін әкесін жерлеу рәсіміне қатысу үшін туған қаласы Росариоға барған болатын.

Хорхе Месси 7 тамызда ұзаққа созылған аурудан кейін 68 жасында өмірден озған еді.

«Интер Майами» бұған дейін турнирде «Атлетико Сан-Луисті» жеңіп, «Монтеррейден» ұтылған. «Леоннан» жеңілгеннен кейін Майами клубы плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал «Леон» үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.