Айта кетейік, Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы кездесуін бұған дейін өткізіп үлгерген.
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
12 тамызда қазақстандық футболшы 18 жасқа толды. Осыған орай оның ағылшындық клубпен бұған дейін жасасқан келісімшарты ресми түрде күшіне енді.
Айта кетейік, Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы кездесуін бұған дейін өткізіп үлгерген. Ол Австралияда ұйымдастырылған Sydney Super Cup-2026 турнирінде «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы матчта алаңға шығып, лондондық клубтағы дебюттік голын соқты.
Қазақстандық шабуылшының соққан добы кейін турнирдің «Үздік голы» деп танылды.