$ 465.08  536.52  5.56

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында жеңіліп қалды

Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді.

Фото: KTF
Фото: KTF

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен қазақстандық теннисші финалда әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 2:6, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді.

Айта кетейік, Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұған дейін оның бұл жарыстағы ең үздік нәтижесі ширек финал болатын. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі қоржынына қосымша ұпай қосады.

Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0