$ 464.02  536.18  5.54

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында ТОП-5-ке кірді

Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде ұршық жаттығуында өнер көрсеткен Ақмарал Ерекешева үздік 5 спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.

Стилиана Николова - 30.150 ұпай
Таисия Онофрийчук - 30.050
Мария Борисова - 30.050
Рин Кейс - 29.800
Ақмарал Ерекешева - 29.400

16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.

Санаулы сәттен кейін жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.

Франкфуртте ұйымдастырылып жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0