Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.
Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде ұршық жаттығуында өнер көрсеткен Ақмарал Ерекешева үздік 5 спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.
Стилиана Николова - 30.150 ұпай Таисия Онофрийчук - 30.050 Мария Борисова - 30.050 Рин Кейс - 29.800 Ақмарал Ерекешева - 29.400
16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.
Санаулы сәттен кейін жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.
Франкфуртте ұйымдастырылып жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.