$ 464.02  536.18  5.54

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында екі финалда өнер көрсетті

16 тамызда спортшы таспа және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында бақ сынады.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

16 тамызда спортшы таспа және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында бақ сынады.

Ұршықтармен орындалған жаттығуда Ерекешева 29.400 ұпай жинап, бесінші орынға орналасты.

Ал таспамен орындалған жаттығуда төрешілер қазақстандық гимнастқа 27.350 ұпай берді. Бұл нәтиже оған сегізінші орын сыйлады.

Айта кетейік, бұл Ақмарал Ерекешева қатысып отырған ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Бұған дейін ол жекелей көпсайыста алтыншы орын алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0