$ 461.39  534.75  5.45

Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Енді ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. 

Фото: KTF
Фото: KTF

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзінің 41-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті.

Жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылған матч екі сағатқа созылды. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:4, 7:6 (7:2) есебімен жеңді.

Кездесу барысында қазақстандық спортшы бес эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 18 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына шықты. Енді ол әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Бұл олардың қатты жабындағы алғашқы кездесуі болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0