$ 461.39  534.75  5.45

«Қайрат» – «Андерлехт» матчы өтетін стадион белгілі болды

УЕФА мәліметінше, кездесу 20 тамызда сағат 20:00-де басталады.

Фото: ФК "Қайрат"
Фото: ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайраттың» бельгиялық «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчы Алматының Орталық стадионында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

УЕФА мәліметінше, кездесу 20 тамызда сағат 20:00-де басталады. Бұл ойын «Қайрат» үшін Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу жолындағы маңызды қадам болмақ.

Алматылық клуб бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеуінде Черногорияның «Сутьескасы» мен Кипрдің «Омониясын» жеңген. Алайда үшінші кезеңде болгариялық «Левскиден» ұтылып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Бұған дейін «Левскиге» қарсы қарымта матч Алматыда емес, Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен еді. Бұған Алматыда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті ұйымдастырылуы себеп болған.

«Андерлехт» өз кезегінде іріктеу кезеңінде швециялық «Хаммарбю» мен грек ПАОК-ын жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.

Қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда Конференция лигасында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0