$ 460.13  532.6  5.42

Криштиану Роналду Өзбекстанда алғаш рет ресми матч өткізеді

Сауд Арабиясының клубы «Пахтакормен» сырт алаңда кездеседі.

Фото: Qazsport
Фото: Qazsport

2026/27 жылғы АФК Чемпиондар лигасы Elite турнирінің негізгі кезеңіне жеребе тартылып, Өзбекстанның «Пахтакор» және «Нефтчи» клубтарының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жеребенің басты жаңалықтарының бірі — Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Насрдың» Ташкентке сапары. Сауд Арабиясының клубы «Пахтакормен» сырт алаңда кездеседі.

Осылайша, бес дүркін «Алтын доп» иегері Роналду Өзбекстан астанасында алғаш рет ресми клубтық матч өткізуі мүмкін.

«Пахтакор» өз алаңында «Аль-Насрдан» бөлек, Иранның «Эстегляль» және «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубтарын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» кездеседі.

Өзбекстанның тағы бір өкілі «Нефтчи» өз алаңында «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» ойнайды. Ферғаналық клуб сырт алаңда «Эстегляль», «Әл-Наср», «Трактор» және «Әл-Кадисияға» қарсы шығады.

Матчтардың нақты күні мен басталу уақыты кейін жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0