Соңғы кезде Генаны әркім бір түйреп қалғысы келетінін байқап жүрмін.
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Геннадий Головкинге қатысты айтылып жатқан сынға пікір білдіріп, оны ашық қолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларды халықаралық жарыстарға Ресейдің мемлекеттік рәміздерімен қатысуға жіберу туралы шешімі себеп болған.
Хамитов Головкиннің Қазақстан спортындағы орны мен елді әлемге танытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
«Соңғы кезде Генаны әркім бір түйреп қалғысы келетінін байқап жүрмін. Бірақ Геннадий Головкин бар жетістігіне орасан еңбектің арқасында жетті. Ол жылдар бойы елімізді әлемге танытты. Мұны оны сынап жүрген кейбір саясаткер мен журналистің өзі істей алған жоқ. Қазір Гена батыл шешімдер қабылдап жүр, өйткені ең басты қағиданы ұмытпайды: спорт саясаттан тыс болуы керек. Саясаткерлер кетеді, ал GGG есімі тарихта алтын әріппен қалады», – деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.