20.08.2026, 14:40

Дастан Сәтпаевтың анасы «Челси» бапкері Хаби Алонсоға жолықты

Фото: Инстаграм

Мәдина Сәтпаева әлеуметтік желідегі парақшасында испаниялық маманмен кездескен сәтінен сурет бөлісті.

Футболдан Қазақстан құрамасының жас ойыншысы Дастан Сәтпаевтың анасы Мәдина «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәдина Сәтпаева әлеуметтік желідегі парақшасында испаниялық маманмен кездескен сәтінен сурет бөлісті.

«Сізбен жеке танысқаныма қуаныштымын, Хаби Алонсо», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев «Челсиге» ауысқаннан кейін оның анасы Лондонда ұлымен бірге түскен суреттерін де жариялаған болатын.