20.08.2026, 21:30

Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: ҚТФ

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz  ақпарат порталы. 

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева румыниялық Ирина Барэмен бірге алдымен швейцариялық Алина Гранвер – италиялық Джорджия Педонені қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Жібек пен Ирина ширек финалда румыниялық Елена Руксандра Бертеа – ресейлік Ксения Зайцеваға тап келді. 

Екі сет те 6:2 есебімен қазақстандық-румыниялық дуэттің пайдасына шешілді.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.