$ 458.23  535.99  5.46

Ислам Махачев жекпе-жектен шеттетілді

Файтер ауыр жарақат алған. 

Фото: sportarena.kz
Фото: sportarena.kz

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрримен өткен титулдық жекпе-жектен кейін медициналық себепке байланысты 30 күнге жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Пенсильвания штатының Атлетикалық комиссиясы осындай шешім қабылдаған. Бұған Махачевтің жекпе-жек барысында қабырғасынан ауыр соққы алуы себеп болған.

Ислам 16 тамызда UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді бес раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Төрешілер кездесуді 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен ресейлік файтердің пайдасына бағалады.

Осылайша Махачев чемпиондық белбеуін сақтап қана қоймай, UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже промоушен тарихындағы рекордтық сериялардың біріне айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жекпе-жек #UFC