Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлем біріншілігі аясында Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ Бейбарыс Ерғали 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге жол берді.