$ 457.99  534.15  5.47

Дастан Сәтбаев «Бёрнлидегі» дебютінен кейін жазба жариялады

Сәтбаев ойыннан түсірілген суретін парақшасына жариялады. 

Фото: "Бернли" ФК
Фото: "Бернли" ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англияның «Бёрнли» клубындағы алғашқы ойынынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

18 жастағы футболшы 23 тамызда Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде жаңа командасы сапында алғаш рет алаңға шықты.

Сәтбаев ойыннан түсірілген суретін парақшасына жариялады.

«Әлхамдулиллах, жақсы күндер әлі алда»- деді, футболшы. 

Қазақстандық шабуылшы матчты қосалқы құрамда бастап, 57-минутта Джош Лоранның орнына алаңға шықты. Ол ойынға қосылған кезде «Бёрнли» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан еді.

Кездесу соңында алаң иелері пенальтиден тағы бір гол соғып, матчты 3:1 есебімен аяқтады. Сәтбаев алаңда шамамен 35 минут өнер көрсеткенімен, бұл жолы нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0