28.08.2026, 12:00

Дастан Сатпаев «Бернлидің» жеңілісінен кейін жазба жариялады

Фото: ulysmedia

Кездесу пенальти сериясынан кейін «Брэдфорд Ситидің» пайдасына аяқталды.

Қазақстандық футболшы, «Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаев Англия лигасы кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткен матчтан кейін әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу пенальти сериясынан кейін «Брэдфорд Ситидің» пайдасына аяқталды. Негізгі уақыттағы тартысты ойыннан кейін «Бернли» қарсыласына жол берді.

Матчты негізгі құрамда бастаған Дастан Сатпаев 80-минутта алаңнан ауыстырылды.

Ойыннан кейін қазақстандық шабуылшы Instagram парақшасында ағылшын тілінде жазба жариялады.

«Бүгін бізбен бірге болып, соңғы секундқа дейін қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Пенальти сериясында жеңілу өте өкінішті, бірақ футболда мұндай жағдайлар болады. Біз алаңда бар күшімізді салып, соңына дейін күрестік. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл тек бастамасы. Еңбектеніп, бірге күшейе түсеміз. Алға, “Бернли”!»