$ 462.3  538.07  5.41

Еркебұлан Тоқтар бүгін өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

Жекпе-жек суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді.

фото: Nomad Fighting
фото: Nomad Fighting

Бүгін, 28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар (11-3) өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен кездеседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақытымен шамамен сағат 19:40-та басталады. Кездесуді Nomad Fighting YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Жекпе-жек суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы рет желтоқсан айында шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Бобиржон Исроилов соңғы жекпе-жегінде отандасы Сирожиддин Уразалиевті де алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0