18 жастағы қазақстандық шабуылшы Чемпионшип аясында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді.
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінің үшінші турында «Норвичке» қарсы өткен матчта «Бернли» сапындағы үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
18 жастағы қазақстандық шабуылшы Чемпионшип аясында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді. Кездесу «Бернлидің» 1:4 есебімен жеңілуімен аяқталғанына қарамастан, Сәтпаев жоғары көрсеткішке ие болды.
Ойын барысында ол қарсылас қақпасына үш рет соққы жасап, 28 пастың 21-ін дәл жеткізген. Пас дәлдігі – 75 пайыз. Сондай-ақ қазақстандық футболшы допқа 42 рет тиіп, оның алтауын қарсыластың айып алаңында орындаған. Жеті рет қарсыласын алдап өтуге әрекет жасап, соның үшеуін сәтті аяқтады.
Матчтан кейін статистикалық сервистер Сәтпаевтың өнерін жоғары бағалады. Ол «Бернли» футболшылары арасында ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие болды. Бұған қоса, команданың бас бапкері Ники Хайен де қазақстандық шабуылшының ойынын ерекше атап, оны алаңдағы үздік футболшы деп бағалады.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін 23 тамызда «Вест Бромвичке» қарсы Чемпионшип матчында алаңға қосалқы құрамнан шыққан. Ал 26 тамызда Англия лигасы кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуде алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында ойнады.