60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездесті.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық титулды жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездесті.
All-Stars Title Match мәртебесіндегі титулдық белдесу No-Gi ережесі бойынша, яғни кимономен емес, арнайы спорттық киіммен күресу форматында өтті.
– Тартысты белдесу толық уақытқа созылып, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Асу Алмабаевты жеңімпаз деп таныды. Осылайша қазақстандық спортшы ACBJJ 22 турнирінің чемпиондық титулын иеленді, – деп жазады басылым.
Айта кетсек, Алмабаев өткен аптада RAF 12 еркін күрес турниріне де қатысқан. Ол америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесіп, бір жарым минутқа созылған белдесуде жеңіліп қалды.