2026 жылғы «Алтын доп» марапаты 26 қазанда Лондонда табысталады.
«Манчестер Ситидің» бұрынғы бас бапкері Пеп Гвардиола 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткер футболшының кім болуы керектігін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испаниялық маманның пікірінше, бұл марапатқа «Бавария» шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейн лайық.
Гвардиола Кейннің өткен маусымдағы нәтижелерін жоғары бағалап, оның голдары, тұрақты ойыны және командаға қосқан үлесі «Алтын доп» иегерін анықтауда маңызды рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті.
Өткен маусымда Харри Кейн мюнхендік клуб сапында барлық турнирде 51 матчқа қатысып, 61 гол соққан. Оның нәтижелі ойыны «Баварияға» Германия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алуға көмектесті.
2026 жылғы «Алтын доп» марапаты 26 қазанда Лондонда табысталады. Бұл — жүлденің 70 жылдық тарихындағы ерекше оқиға. Себебі марапаттау рәсімі алғаш рет Парижден тыс жерде ұйымдастырылмақ.
Іс-шараның Лондонда өтуі «Алтын доптың» алғашқы иегері, Англия футболының аңыз ойыншысы сэр Стэнли Мэттьюзге құрмет көрсету мақсатында қолға алынған.
Айта кетейік, 2025 жылғы «Алтын допты» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле иеленген.