01.09.2026, 11:40

Қазақстан шахмат Олимпиадасында басты фавориттердің қатарында

Фото: ФИДЕ

Құрамадағы үздік төрт шахматшының орташа рейтингі – 2421 ұпай.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында төртінші нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрамадағы үздік төрт шахматшының орташа рейтингі – 2421 ұпай. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстаннан тек Үндістан (2476), Грузия (2449) және Қытай (2432) алда тұр. Ал АҚШ құрамасы 2413 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева сынға түседі. Команда капитаны – Павел Коцур.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 15–27 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында өтеді. Жарысқа әйелдер арасында 192 құрама қатысады. Командалар 11 тур бойы швейцариялық жүйемен ойнайды.

Қазақстан құрамасы бұған дейін 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада күміс жүлде иеленген. Бұл – еліміздің аталған жарыстағы алғашқы тарихи медалі.