$ 462.31  536.09  5.34

Хесус Рамос Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби мансабындағы 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.

Фото: 1бол
Фото: 1бол

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен өтетін жекпе-жек алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Боксшылар 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында шаршы алаңға шығады. Кездесуде Рамосқа тиесілі уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Америкалық боксшы Нұрсұлтановты мықты қарсылас деп санайтынын, алайда оны мансабындағы ең қиын сынақ деп есептемейтінін айтты.

«Шынымды айтсам, олай ойламаймын. Мен бұған дейін Владимир Эрнандес, Джейсон Росарио және Шейн Мосли кіші секілді өте мықты боксшылармен кездестім. Олар да осал қарсыластар болған жоқ. Мейірім де рингке жеңіске деген зор ынтамен шығады. Бірақ оның бірнеше жылдан бері жекпе-жек өткізбегенін ұмытпау керек», – деді Рамос.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби мансабындағы 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Қазақстандық боксшы рингке үш жылға жуық үзілістен кейін оралғалы отыр. Ол соңғы кездесуін 2023 жылдың қарашасында өткізіп, чилилік Карлос Аламосты төрешілер шешімімен жеңген.

Егер Нұрсұлтанов Рамосты жеңсе, WBC-дің толыққанды чемпионы Карлос Адамеспен чемпиондық жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0