$ 458.45  531.39  5.29

«Түнгі қорқыныш»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына ескерту жасады

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында өзін «Түнгі қорқыныш» деп атай бастағандарға қатысты пікір білдірді.

Фото: 1бол
Фото: 1бол

Жәнібек Әлімханұлы мықты боксшылардың өзінен қашатынын мысқылмен жаздыдеп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында өзін «Түнгі қорқыныш» деп атай бастағандарға қатысты пікір білдірді.

«Мені “Түнгі қорқыныш” деп жиі атай бастаған сайын, мен де ойланып қалдым. Боксшылар үшін шынымен қорқынышты түске айналып барамын ба деп. Бір-екі күннен кейін көреміз, ол нағыз чемпион ба, әлде аты ғана ма. Күтейік, көрейік», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хамза Ширазға (24-0-1, 19 КО) міндетті қарсылас атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0