02.09.2026, 16:20

Көшпенділер ойындары: Сайлау Мұхаммеджан ел қоржынына екінші алтын медаль салды

Фото: Видеодан алынған кадр

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  аударыспақтан сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан финалда топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты.

Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.