$ 458.45  531.39  5.29

Көшпенділер ойындары: Абзал Тұлыбеков жамбы атудан алтын жүлде жеңіп алды

Шеберлік пен сабырды талап ететін ұлттық спорт түрінен Абзал Тұлыбеков қарсыластарынан басым түсті.

Фото: Спорт комитеті
Фото: Спорт комитеті

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан (қырғыз стилі бойынша) Қазақстан құрамасының спортшысы Абзал Тұлыбеков үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Дәлдік пен мергендікті, шеберлік пен сабырды талап ететін ұлттық спорт түрінен Абзал Тұлыбеков қарсыластарынан басым түсіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0