$ 455.4  526.99  5.25

Қазақстандық самбошы Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алды

Фото: Спорт комитеті
Фото: Спорт комитеті

Қазақстандық самбошы 98 келіден жоғары салмақта жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шолпан-Атада өтіп жатқан күрес жарыстарының бағдарламасы өте тығыз. Халықаралық самбо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, турнирдің барлық бағдарламасы 3 қыркүйекке жоспарланған.

Болат Сапар үшін бұл алғашқы ірі халықаралық титул емес. 2024 жылы ол Макаода өткен Азия және Океания чемпионатында 98 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Немәт Якубовты ахиллес сіңіріне жасалған ауырту әдісімен уақытынан бұрын жеңді.

Болат Сапар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 98 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, турнирді тағы да бірінші орынмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0