03.09.2026, 17:00

Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Коллаж: Sn.kz

Ителгі салу бойынша сынға түскен Бабажан Бағдаулет жарысты екінші орынмен аяқтап, күміс медаль жеңіп алды.  

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік өнерінен қазақстандық саятшылар жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ителгі салу бойынша сынға түскен Бабажан Бағдаулет жарысты екінші орынмен аяқтап, күміс медаль жеңіп алды.  

Ал осы бағдарламада бақ сынаған Ерлан Кенжетаев үшінші орыннан көрініп, қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, құсбегіліктен Қазақстан құрамасы екі медаль еншіледі.