03.09.2026, 18:20

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында арқан тартыстан екінші алтынды жеңіп алды

Фото: Инстаграм

Бүгін ұлттық құрама арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түсті.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдеге ие болды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін ұлттық құрама арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түсіп, тартысты бәсекеде қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.

Осылайша қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарындағы арқан тартыстан екінші алтынды қоржынға салды. Кеше дәл осы спортшылар 8×8 форматында да топ жарған болатын.