$ 455.4  526.99  5.25

Жадыраев, Айтмұхан, Бақбергенова: Қазақстан Азия ойындарына баратын жұлдызды құрамын жариялады

Алдыңғы Азия ойындарында қазақстандық балуандар төрт медаль жеңіп алған.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан күрес федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін бекітті. Жапонияда өтетін додада ел намысын еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 18 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрама сапына Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов, сондай-ақ әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова енді.

Әйелдер күресі:

  • 50 келі: Зейнеп Баянова — Батыс Қазақстан облысы;
  • 53 келі: Шұғыла Өмірбек — Түркістан облысы;
  • 57 келі: Нилуфар Раимова — Түркістан облысы;
  • 62 келі: Ирина Кузнецова — Астана;
  • 68 келі: Жәмила Бақбергенова — Алматы;
  • 76 келі: Эльмира Сыздықова — Қарағанды облысы.

Еркін күрес:

  • 57 келі: Нұрданат Айтанов — Жамбыл облысы;
  • 65 келі: Начын Куулар — Шымкент;
  • 74 келі: Нұрқожа Қайпанов — Алматы;
  • 86 келі: Азамат Дәулетбеков — Шығыс Қазақстан облысы;
  • 97 келі: Ризабек Айтмұхан — Астана;
  • 125 келі: Едіге Қасымбек — Алматы облысы.

Грек-рим күресі:

  • 60 келі: Ернұр Фидахметов — Шығыс Қазақстан облысы;
  • 67 келі: Мейіржан Шермаханбет — Қызылорда облысы;
  • 77 келі: Демеу Жадыраев — Алматы облысы;
  • 87 келі: Шәміл Ожаев — Алматы;
  • 97 келі: Ислам Евлоев — Солтүстік Қазақстан облысы;
  • 130 келі: Олжас Сырлыбай — Қызылорда облысы.

Алдыңғы Азия ойындарында қазақстандық балуандар төрт медаль жеңіп алған. Мейіржан Шермаханбет пен Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болса, Азат Сәдіков пен Әлімхан Сыздықов қола медаль еншілеген еді.

2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0