$ 455.86  528.84  5.25

«Батыр қыздарға бәрі жарасады»: Назым Қызайбайдың видеосы желіде хит болды (ВИДЕО)

Спортшылар жаттығу арасындағы үзілісте көңіл көтеріп, би билеген.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Қазақстанның танымал боксшысы, әйелдер ұлттық құрамасының капитаны Назым Қызайбайдың басқа чемпион қыздармен бірге билеген видеосы көпшіліктің назарын аударды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшылар жаттығу арасындағы үзілісте көңіл көтеріп, би билеген. Кадрдан олардың жаттықтырушысы да көрінеді. Алайда қыздарға қарағанда, бапкердің биі ерекше көзге түскен.

«Бізге емес, ағайға қараңыздаршы», – деп әзілдеді Назым Қызайбай.

Желі қолданушылары спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, жаттықтырушының өнеріне де жоғары баға берді.

«Чемпиондар!», «Арттағы ағай күшті билеп тұр», «Ағайдың өзбекшеге икемі күшті екен», «Батыр қыздарға барлығы жарасады», «Біздің сұлу қыздарымыз», «Қазақ қыздары, жарайсыңдар!», «Көңіл көтеріп билеп тұрыңдар», «Ұйғырдың биін билеп тұр», «Назым ұйғырша билеп кетті», – деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0