2011 жылдан бері «Динамо» дене шынықтыру және спорт бірлестігінде қызмет етеді.
Елдос Сметов Жамбыл облысы Лугов ауданына қарасты Каменка (қазіргі Жалпақсаз) ауылында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнологиялар факультетін бітірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
2011 жылдан бері «Динамо» дене шынықтыру және спорт бірлестігінде қызмет етеді. Сметов Қазақстан жастар дзюдо құрамасында бақ сынасып жүргенде, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (2010 және 2011) алтын және қола медальдарды жеңіп алды. 2012 жылдан бастап ересектер құрамасында бақ сынасты. 2013 жылы Бангкоктағы Азия чемпионатында қола, Самсундағы Гран-при кезеңінде және Тбилисидегі Еуропа кубогі кезеңінде күміс, ал Варшавада өткен дзюдо бойынша ашық Еуропа кубогінде алтын медаль жеңіп алды. Ол 2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионы атанды, финалда тағы бір Рустам Ибраевты жеңді. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 2018 жылдың 17 наурызында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылдың сәуірінде Түркияның Анталья қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетті. Шілдеде Венгрияның Будапешт қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылы Токиода өткен Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында ол 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Ташкентте өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Елдос финалда француз спортшысы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
3-ші дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.