Тізімде аталған жүлденің 8 дүркін жүлде иегері Лионель Месси де бар.
Осылайша, France Football басылымы 2026 жылғы "Алтын допқа" үміткер 30 футболшының есімін жариялап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аргентиналық шабуылшы Месси бұл марапатқа екі жылдық үзілістен соң қайта ұсынылып отыр. Ол өткен маусымда "Интер Майами" мен Аргентина құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 75 голдық нәтижеге қол жеткізді. Әрі ұлттық құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында доп тепті.
Басты үміткерлер қатарында Усман Дембеле, Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Эрлинг Холанд, Ламин Ямаль және Родри бар.
2026 жылғы "Алтын допқа" ұсынылған футболшылардың толық тізімі:
Ал 5 дүркін "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду үміткерлер қатарында жоқ. Португалиялық футболшы бұл марапатқа 2022 жылдан бері ұсынылмай жүр.
"Алтын допты" табыстау рәсімі 26 қазан күні Лондонда өтеді. Салтанатты кеш жүлденің алғашқы иегері Стэнли Мэтьюздің құрметіне алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылмақ.